Түркістан облысының білім басқармасының
Сарыағаш ауданының білім бөлімінің
“№15 Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Мектеп-балаларды бүлдіршін кезінен бастап,есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, білім беріп тәрбиелейтін ұстаздарды көресің. Дана халқымызда: «Мектеп-кеме,білім-теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Бір ғасырға жуық тарихы бар, мектептің іргетасы сонау 1930 жылы қаланып,Төңкеріс бастауыш мектебі болып ашылды. Кейіннен 1945 жылы Булганин атындағы жеті жылдық.1960 жылдары №15 Карл Маркс атындағы орта мектеп болып өзгерді, ал 1994 жылы осы мектепке қазақтың ұлы композиторы Ш.Қалдаяқов есімі берілді. Мектебіміздің тарихында әр кезеңдегі мектеп басшылары мен ардагер ұстаздардың мектептің сонау іргетасы қаланған сәттен бастап еңбектерінің арқасында ұстаздардың бейнесі шәкірттерінің жүрегінде тасқа қашалған Орхан жазбаларындай мәңгі сақталып қалады. Қорыта айтқанда, барлығымыз отбасынан бастап, мектеп қоғамдық  ұйым болып жас буындардың сапасына білім, тәрбие және парасаттылықты сіңіре білсек, олардың болашақта Отан сүйгіш, адамгершілігі мол, ел жанды азамат болып жетілуіне септігімізді тигізген болар едік. 

 

МӘЗІР

Бізбен байланыс

Біз картада